АСТАНА.KAZINFORM — «Кең-Бұлұн» шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің инспекторлары Қазақстаннан Қырғызстан аумағына 1600 келі көлеміндегі қой етінің заңсыз тасымалданбақ болғанын анықтады, деп жазады Кабар агенттігі.
Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жүктің ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келмейтіні, сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттар пакеті болмағаны анықталды.
Ветеринариялық қызмет инспекторлары тиісті қайтару актісін жасап, жүк Қазақстанға қайтарылды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.