«Орал шекаралық жасағының «Шаған авто» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының екі азаматы темекі өнімдерінің ірі партиясымен ұсталды», - делінген хабарламада
Шекара қызметінің хабарына қарағанда, олар Қазақстаннан Ресейге «Лифан» автомобилімен бара жатқан. Көлікті тексеру кезінде артқы жолаушы орындығынан және жүксалғыштан Белград қаласында өндірілген 2 қорап «Фест» темекісі табылған. Акциздік маркасы жоқ 100 блок темекі өнімдерінің барлығы тәркіленді.
Осы факті туралы Зеленов аудандық ІІБ өкілдеріне хабар берілді.