Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
31 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.
31 желтоқсанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. 1 қантарда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 қантарда Павлодар облысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
31 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. 2 қаңтарда бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с.
31 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с. 2 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
31 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
31 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ болады, облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
31 желтоқсанда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
31 желтоқсанда Абай облысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.
31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
31 желтоқсанда Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
31 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
31 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Осыған дейін «Қазгиромед» РМК-ның мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялағанын хабарладық.