Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей аймақтарда бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Сонымен қатар бірнеше облыста аптап ыстық сақталып, өрт қаупі күшейеді.
Астанада күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Абай облысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Өңірде күндіз 35–37 градус ыстық күтіледі.
Облыстың бірқатар ауданында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр.
Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін ысиды.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады.
Өңірде 35–36 градус аптап ыстық күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады.
Өңірде 35–36 градус ыстық сақталады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады.
Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы бөліктерінде жауын-шашын күтіледі.
Алакөл маңында жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанған.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде 35–36 градус ыстық болады.
Өңірдің бірнеше ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында аптап ыстық күшейеді.
Күндіз ауа температурасы 40–42 градусқа дейін жетеді.
Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады.
Облыстың кей бөлігінде күндіз 42 градусқа дейін ыстық болады.
Павлодар облысында 35 градус аптап ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Шымкент пен Түркістан қалаларында да қысқа мерзімді жаңбыр жауады.
Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Өңірдің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 40–41 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға күннің аптап уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.
Осыған дейін жаз мезгілінде көкөністен уланып қалмау үшін не істеу керектігі туралы жаздық.