Қазақстанның 17 өңірінде дауыл, жаңбыр мен көктайғақ күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар аймақта жаңбыр, найзағай, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімет таратты.

Фото: pxhere

Павлодар облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Павлодар қаласында да осындай ауа райы күтіледі.

Ақмола облысы

Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында түнде, ал батысында, солтүстігі мен шығысында күндіз екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал батысында, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысы

Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні батысында, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысы

Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с болады.

Петропавлда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскеменде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Алматы облысы

Облыстың шығысы мен орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с болады. Солтүстігінде, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаевта күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысы

Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысы мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні батысында, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с болады.

Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында шаңды дауыл мен екпінді жел соғады.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз 15–20 м/с, ал оңтүстігінде, шығысы мен орталығында 23 м/с-қа дейін жетеді.

Өңірде төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз 15–20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысында 15–20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы

Күндіз облыстың батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістан қалаларында күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз солтүстігі мен шығысында 15–18 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысы

Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с болады.

Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.