Астанада қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал.
Абай облысында облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Батысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр мен найзағай болады.
Ақтөбе облысында облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігінде жоғары, өңірдің қалған бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр.
Алматы облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз 35-39 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Солтүстігі, батысы және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз 36-38 градус, Қонаевта 37-39 градус ыстық болады.
Атырау облысында шығыста түнде желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі жарияланған.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда да 38-40 градус аптап ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде төтенше, өңірдің қалған бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жаңбыр, найзағай және 35-36 градус ыстық күтіледі.
Қостанай облысының батысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз өңірдің батысы, солтүстігі және шығысында нөсер, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Батысы, шығысы мен орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да 40 градус аптап ыстық болады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде 38-40 градус ыстық күтіледі. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі жарияланған.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 35-37 градус ыстық болады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше, шығысы, солтүстік-шығысы және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі жарияланған. Түркістан қаласында 40-42 градус аптап ыстық күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше, қалған бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жел күшейіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін «Қазгидромет» тамыздың алғашқы онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған.
Осыған дейін Экология министрлігі Ақбұлақ өзеніндегі майлы дақтарға қатысты түсінік берді.