Шетелдік әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілері бейнеленген бейнеролик таралып жатыр. Бейнежазбаға қоса жарияланған жазбаларда онда шет мемлекеттер арасындағы текетірес бейнеленгені туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бейнежазбада 2026 жылғы маусым мен тамыз айлары аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің оқу-жаттығу жиындары бейнеленген.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын олардың бастапқы дереккөздерін және қандай мәнмәтінде жарияланғанын мұқият тексеруге шақырады.
Айта кетелік әскер туралы фейк бір жылдан кейін қайта тараған еді.