Қазақстанның әйелдер құрамасы Muhamet Malo турнирінде бірінші орын алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Тирана қаласында (Албания) 26–28 ақпан аралығында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді. 

Жалпы қорытынды бойынша бірінші орында Қазақстан, екінші Үндістан, үшінші АҚШ.

Жарыстың үшінші күнінде аруларымыз бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

72 кг салмақта Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алып, турнир чемпионы атанды.

Сонымен қатар Нилуфар Раймова (57 кг) қола жүлдеге ие болса, 76 кг салмақта Гүлмарал Еркебаева да үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, додаға әйелдер арасында 22 мемлекеттен 107 спортшы қатысты.

Еске салсақ Кристина Шумекова Германиядағы әлем чемпионатында тағы да үздік шыққан еді.