Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінде сайлау учаскесі құрылды

Фото: Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның Бакудегі Елшілігінде сайлау учаскесі құрылды.

Әзербайжандағы Қазақстан азаматтары референдум күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бакудегі Елшілігінің жанындағы №394 сайлау учаскесіне келіп, өз сайлау құқықтарын пайдалана алады.

Шетелдік мекеме мәліметінше, бүгінде бұл учаскедегі сайлаушылар тізімінде Әзербайжанда тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген 180-ге жуық Қазақстан Республикасының азаматы бар.

Референдум өтетін күні дауыс берушінің жарамды төлқұжаты немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуы керек.

Қосымша сұрақтар үшін +994 51 255 78 64 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz сайтынан алуға болады.

№ 394 сайлау учаскесінің мекенжайы: Баку қ., Н.Рафиев көшесі, 14.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы республикалық референдум өтеді.