«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Қазақстанда телерадио арналар жұмысы бірнеше сағатқа тоқтатылатыны туралы жаздық.