Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – 17 тамызда еліміздің барлық өңірінде найзағай ойнап, нөсер, бұршақ жауып, дауыл және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Абай облысы
Түнде – найзағай ойнап, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады: солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы
Күндіз батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғады: күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы
Оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, батысында өрт қаупі жоғары болады.

Алматы облысы
Оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады: солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, өзге аймақтарында өрт қаупі жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысы
Түнде солтүстігінде найзағай ойнайды. Батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы
Таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады: оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысы
Түнде шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады: күндіз солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы
Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы
Солтүстігінде, шығысында кейде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады: солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы
Солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы
Күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады: күндіз орталығында 15-20 м/с. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысы
Түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады: күндіз батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады: күндіз батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түркістан облысы
Күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады: күндіз таулы асуларында 15-20 м/с.

17-18 тамыз күндері төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы
Солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады: солтүстігінде, шығысында, орталығында кейде 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары.