- Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады, - деп жазды синоптиктер.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін мереке күндері ауа райы қандай болатыны хабарланған.