Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 35... 38°C-қа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі жарияланған.
Атырау облысы мен Атырау қаласында күндіз 35... 38°C аптап ыстық болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында 15 м/с-қа дейін жетеді. Шығысында, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталып, солтүстігі мен оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35... 36°C болады. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 35°C ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысында күндіз 35... 38°C аптап ыстық болады. Солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстік-шығысында 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігінде жоғары, ал батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз 35°C, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде жаңбыр мен найзағай, түнгі және таңғы уақытта тұман, күндіз желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Абай облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпіні 15–18 м/с және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысында күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығысында және таулы аймақтарда желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35... 36°C болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35°C болады. Іле Алатауында жаңбыр, найзағай және желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
Павлодар облысында түнде шығысында, күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 15–20 м/с күтіледі.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Батысында және таулы аймақтарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 40°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі жарияланған. Түркістан қаласында күндіз 40°C ыстық болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 38... 40°C аптап ыстық күтіледі. Батысында жоғары, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі жарияланған.
Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы 40°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда желдің екпіні 15–20 м/с болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35... 36°C болады. Оңтүстігі мен батысында жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35°C және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында тұман түседі. Желдің екпіні солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 7 тамыз, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпалын сақтайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.