Синоптиктер қар, боран, көктайғақ, тұман, қатты жел және үсік болатынын болжайды.
Бірқатар өңірде өрт шығу қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысы
Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15–18 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысы
Облыстың оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Таулы аудандарда кей уақытта қалың қар түседі. Оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні шығыста және таулы аудандарда секундына 18–23 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт шығу қаупі жоғары.
Алматы қаласы
23 қазанға қараған түні жаңбыр, дымқыл қар жауып, тұман түседі. Іле Алатауының таулы аудандарында, Медеу және Бостандық аудандарында кей уақытта қалың қар жауып, тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18–23 метрге жетеді.
Абай облысы
23 қазанда жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында боран соғады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15–20 метрге жетеді.
Атырау облысы
23 қазанда өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда кей уақытта қалың қар түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда боран соғуы мүмкін. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.
Жамбыл облысы
Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігі мен оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Жетісу облысы
Таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады. Шығысында және таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні шығысында және таулы аудандарда секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде 1–6 градус үсік жүреді.
Облыстың шығысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 23–28 метрге жетіп, күндіз кей уақытта секундына 30 метрден асады.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысы
Облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз секундына 15 метрге жетеді. Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Қостанай облысы
Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысы
Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метр, ал шығысында секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің екпіні батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары, орталық бөлігінде төтенше деңгейде болады.
Павлодар облысы
Жауын-шашын, негізінен қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз батысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында және орталық бөлігінде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.