Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 31 шілдеде Қазақстан аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік-батыс циклоны мен оған қатысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Желдің күшеюі республиканың барлық өңірлерінде байқалады. Күндіз оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай мен Павлодар облыстарының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды мен Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, Жапония тарихындағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді.