Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – 24 қарашада циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Әсіресе солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жауын-шашынның қарқынды болуы болжанып отыр.

– Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ күтіледі, – делінген «Қазгидромет» ақпаратында.

Мамандардың мәліметінше, ауа райының құбылуына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 24-26 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжаған еді. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.