Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Атырау облысында

«Атырау – Орал» автожолының 14-179 шақырым аралығы (Алмалы елді мекені – Индер кенті) жабылды.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 16 қаңтар сағат 08:00.

Ақтөбе облысында

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-836 шақырым аралығы (АЗС «ЭКО ойл» – Хромтау қаласы) бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 16 қаңтар сағат 09:00.

Жамбыл облысында

Республикалық маңызы бар «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автожолының 160-268 шақырым аралығы (Бірлік ауылы – Бурылбайтал ауылы) жабылды.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 16 қаңтар сағат 09:00.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді алыс сапарға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап алуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін бүгін Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқитыны хабарланды.