60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбамен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, финалға шықты.
Ал 72 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов жартылай финалда түркиялық Ибрахим Өздемирмен күш сынасты. Ол да жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалына өтті.
Айбек Айтбеков алтын медаль үшін Әзірбайжан өкілі Эльмир Алиевпен белдессе, Юсуф Ашрапов Армения балуаны Гаспар Тертерянмен кездеседі.
Айта кетелік Қазақстанның жас дзюдошылары Душанбеде татамиге шығатыны туралы жазған едік.