Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

29 маусым, сенбі күні Өскемен және Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.