8 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады. Ал шығыс және солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын мол түсіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17… 19°C, күндіз 30… 32°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы — 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 19… 21°C, күндіз 31… 33°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы — 8-13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20… 22°C, күндіз 36… 38°C болады.