Қазақстанның екі облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарында көлік қозғалысының қайта жанданғанын хабарлайды.

Фото: freepik

2024 жылғы 27 желтоқсанда сағат 06:30–да мынадай республикалық жолдар көлік қозғалысы үшін ашық:

Шығыс Қазақстан облысы

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1321 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Қытай шекарасына дейін) көліктің барлық түріне қозғалыс ашылды.

Абай облысы:

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1321 шақырым аралығында (Боғаз ауылына бұрылыстан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түріне қозғалыс ашылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Омбы-Майқапшағай» автожолында қозғалыс шектелген болатын.