Қазақстанның ең ұзын лағманы: Алматыда жаңа рекорд орнатылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Айнабұлақ» шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын — 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді. Жалпы 19 келі ұннан қамыр иленіп, 50-ден астам аспаз тағамды екі сағаттың ішінде дайындаған.

Фото: Алматы әкімдігі

— Аспаздардың алдында қамырды жыртып алмай дайындау міндеті тұрды. Қиындықтарға қарамастан біздің аспаздар оны өте жақсы дайындады, — деді Жетісу ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Омарова.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық тағамдарды насихаттап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленетінін жазғанбыз.