Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов Атырауда театр саябағына көшет екті
АТЫРАУ. KAZINFORM – Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов «Таза Қазақстан» акциясы аясында Атыраудағы жастар театры саябағындағы көшет егу шарасына қатысты. Танымал актер атаулы көшетін екті.
– Көктемнің жайма-шуақ күндерінде Атырау облысына гастрольдік сапармен келіп қалдық. Бұл – «Жаңа ғасыр» театрының кезекті рухани сапары. Театрлардың әртістері өзара пікір алмасып, бір-бірінің өнеріне баға беруге ұмтылуы – өте құнды әрі қажет үрдіс. Өнерге бет бұрған жастардың өсіп-өркендеуіне әрдайым тілекші болып жүреміз. Жастар осындай гастрольдік сапарда тәжірибе алмасып, шығармашылық шеберлігін жетілдіреді, -деді Асанәлі Әшімов.
Іс-шара кезінде Халық әртісі Асанәлі Әшімов Жастар театрының музейіне өзінің кітабын табыстады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық әуесқой фотограф құстарды суретке түсіргенді ұнататынын айтқанын хабарланған едік.