Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Имашева өмірден өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі Баян Имашева өмірден өтті.

Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

- Бойындағы сахна шеберіне тән ойлылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты, - деп жазды ұлттық театр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылғанын жазғанбыз. Онда жөндеу жұмыстарына жабылған театр ғимараты 2026 жылы ашылатыны айтылған болатын.

Сондай-ақ өткен аптада Алматының «Алатау» театрында жаңа маусым премьерамен ашылды