Ақпарат Қатардың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Global Partners System жүйесіндежарияланды. ҚазСтандарт Authorized List of Halal Bodies ресми тізбесіне енді.
— Тізілімге енгізу ҚазСтандарттың халал-сертификаттау саласындағы құзыреттілігін растайды. Енді отандық тамақ өнімдерін өндірушілер Қатарда танылатын талаптарды ескере отырып, сертификаттаудан Қазақстанда өте алады, — делінген хабарламада.
ҚазСтандарт халықаралық талаптарға сәйкес халал өнімді сертификаттауды жүргізеді және ұлттық сертификаттау жүйесін тану ауқымын кеңейтуді жалғастыра бермек.
Бүгінгі күні ҚазСтандарт БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігінде және Қатарда аккредиттеуден өткен. Бұл қазақстандық өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарықтарға ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер береді.
Айта кетейік, халал стандартына сай ет өнімінің экспорты 50 пайызға өсті.