Консулдық қызметтің толыққанды іске қосылуы Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа дипломатиялық өкілдігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып табылады және Техас штатында, сондай-ақ консулдық округке кіретін өзге де штаттарда тұратын азаматтар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Енді азаматтар қажетті консулдық қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу, құқықтық көмек пен қолдау мәселелері бойынша басқа қалаларға ұзақ жол жүру қажеттілігінсіз тікелей Хьюстон қаласында жүгіне алады.
ҚР СІМ мәліметінше, Бас консулдықтың ашылуы консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, отандастарымызға қолдау көрсету, екіжақты байланыстарды кеңейту және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Тэджонда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылғанын жазған едік.