Қазақстанның қай қаласында көлік сақтандыру бағасы төмен

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қалаларында көлікті сақтандыру бағасы 4 100 теңгеден басталып 90 000 теңгеге дейін жетті. Бір өңірдің өзінде де жүргізушінің санатына қарай баға өзгеріп отырады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: Kazinform/ЖИ

Қазақстанда көлік иелеріне арналған сақтандыру бағасы өңірлер мен жүргізуші санатына қарай өзгереді. Ең төмені мен жоғарысының арасындағы айырмашылық бірнеше ондаған мың теңгеге дейін жетеді. Соның ішінде екі жылдық тәжірибесі бар үшінші санатты жүргізушінің сақтандыру ақысында айырмашылық жоғары. Қазақстанның қалаларында дәл осы санаттағы сақтандыру бағасы 10 900 теңгеден басталып 90 000 теңгеге жетті.

Ең жоғары баға Қызылорда қаласында анықталды. Сақтандыру құны — 90 000 теңге. Үшінші санаттағы жүргізуші үшін полис бағасы Астана қаласында 70 000 теңге, Қостанайда 60 000 теңге, ал Қарағанды, Жезқазған мен Қонаевта 50 000 теңгеден.

Үшінші санатты жүргізушіге арналған сақтандыру ақысы Алматыда 48 000 теңге, ал Петропавл мен Түркістанда 45 000 теңге, Таразда 43 000 теңге, Шымкентте 42 000 теңге, ал Талдықорғанда 40 000 теңге.

Фото: Kazinform

Өзге қалаларда баға төмен. Семейде 35 000 теңге, Өскеменде 32 000 теңге, Павлодарда 30 000, Көкшетауда 27 000 теңге, Ақтөбеде 25 000, Ақтауда 18 000, Оралда 15 000 теңге және Атырау қаласында ең төмен баға – 10 900 теңге.

Ал 15-20 жылдық тәжірибесі бар әрі жол ережесін сақтайтын 13-санатты жүргізуші үшін сақтандыру полисінің бағасы төмен. Дәл осы санаттағы жүргізуші Қызылорда қаласында 30 500 теңге төлейді. Ал Астана мен Оралда сақтандыру құны – 30 000 теңге.

Талдықорғанда 13-санаттағы жүргізушінің полис бағасы 20 000 теңге. Алматы, Ақтау, Түркістан мен Қонаевта баға 18 000 теңге, Көкшетау, Өскемен мен Семейде 17 000 теңге. Шымкентте баға 16 500, Таразда 16 000, Қостанайда 15 000, ал Павлодарда 14 000 теңге.

Ақтөбе мен Жезқазғанда сақтандыру құны 13 000 теңге, Қарағандыда 11 000 теңге. Ең төмен баға Атырау қаласында тіркелді. Мұнда дәл осы санатқа 4 100 теңге есептеледі.

Демек 3-санаттағы жүргізушінің сақтандыру полисінің бағалары арасындағы айырмашылық – 79 100 теңге. Атырауда 10 900 теңге болса, Қызылордада 90 000 теңге болып тұр.

13-санаттағы жүргізуші полисінің ең төмен және ең жоғары бағасы арасындағы айырмашылық – 26 400 теңге. Баға 4 100 теңгеден басталып,30 500 теңгеге жетеді.

Бұған дейін Kazinform пәтерді сақтандыру ақысын салыстырды