Өңірлер арасында Шымкент (86,5 млрд теңгеге), Алматы (85,6 млрд теңгеге), Астана (35,2 млрд теңгеге) қалалары мен Маңғыстау (31,2 млрд теңгеге) және Атырау (25,1 млрд теңгеге) облыстарының тұрғындары доллар көп сатып алған.
Ал Ресей рублін көп сатып алушылар - Шығыс Қазақстан (1,2 млрд теңгеге), Қарағанды (1,1 млрд теңгеге), Ақмола (669,8 млн теңгеге) облыстарының тұрғындары.
Ұлттық банктің Kazinform агенттігіне берген мәліметі бойынша, банктен тыс айырбастау бекеттерінің көбі ірі қалаларда шоғырланған. Жалпы елдегі бүкіл айырбастау пунктінің 37%-ы – Алматы, Астана мен Шымкент қалаларында орналасқан. Облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – 40%-ы, өзге мәртебесі бар елді мекендерде 23%-ы орналасқан.
- Ең көп айырбастау пункті бар қала – Алматы (20%). Ең ірі өкілетті ұйым – Алматы қаласындағы «МиГ» ЖШС, оның иелігінде 33 айырбастау пункті бар, - деп жазылған ресми жауапта.
Айта кетейік, кешегі мәлімет бойынша Астана мен Алматы қалаларында доллар 510-516 теңгеден сатылып жатыр.