2025 жылғы 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясымен бірлесіп, Осло қаласында «Қазақ киносының күндерін» ұйымдастырды.
Бағдарлама аясында отандық фильмдер — «Жаужүрек мың бала», «Ана туралы аңыз» және «Районы» көрсетілді.
Көрсетілімдер Норвегия астанасының орталығында орналасқан белгілі мәдени орталықтардың бірі — Cinemateket (Norsk Filminstitutt) кинотеатрында өтті.
Кинокөрсетілімдердің тұжырымдамасы Қазақстан тарихын әр түрлі кезеңдерде — мемлекеттік қалыптасу дәуірінен бастап қазіргі әлеуметтік шындықтарға дейін — көрсету идеясына негізделді.
Көрсетілімдерге Норвегияның ресми, іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, сондай-ақ студенттер, дипломатиялық миссия қызметкерлері және қазақ диаспорасы қатысты.
Іс-шара жергілікті көрермендердің Қазақстан тарихына, оның мәдени дәстүрлері мен қазіргі қоғамына деген шынайы қызығушылығын тудырып, екі ел арасындағы диалогты дамытудағы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
— Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Норвегия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды шаралардың бірі болып, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына серпін берді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын дәл осындай шара Мадридте өткен еді. Онда режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шәріповтің «Схема» фильмдері көрсетілді.