«2023 жылдың 7 айының қорытындысында Қытай Қазақстан экспорты бойынша (19,9 пайыз) 2-орынды (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда) алады. Қазақстанның Қытайға экспорты 7,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға (7,8 млрд доллар) аз», - деп атап өтеді ведомство агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство мәліметінше, Қазақстан экспортының негізгі бөлігін, нақтырақ айтқанда 63,4 пайызын минералды өнімдер құрайды. Дегенмен, бұл өнмдердің экспорт көлемі де 7 айда (4 892 млн доллар) 1,7 қысқарып (2022 жылдың 7 айында 4 975 млн доллар) отыр.
«Сонымен қатар, металдар мен олардан жасалған бұйымдар экспортталатын тауарлардың 27,7 пайызын құрайды. Осы тауарлар тобының экспорт көлемі де 26,4 пайызға (2023 жылғы 7 айда - 1 600,7 млн доллар, 2022 жылдың 7 айында – 2 175 млн доллар) төмендеді», - деп нақтылайды комитеттен.