Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді

Фото: ҚР Конституциялық Соты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді. Бұл туралы Қазақстан РҚ Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді.

Фото: ҚР Конституциялық Соты

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті нашар немесе зағип азаматтар үшін Брайль шрифтіне (бедерлі-нүктелі тактильді шрифт) аудару жобасын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді», - делінген хабарламада.

Фото: ҚР Конституциялық Соты
Фото: ҚР Конституциялық Соты
Фото: ҚР Конституциялық Соты