Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді. Бұл туралы Қазақстан РҚ Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: ҚР Конституциялық Соты
Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді.
Фото: ҚР Конституциялық Соты
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті нашар немесе зағип азаматтар үшін Брайльшрифтіне(бедерлі-нүктелі тактильді шрифт) аудару жобасын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді», - делінген хабарламада.
Фото: ҚР Конституциялық СотыФото: ҚР Конституциялық СотыФото: ҚР Конституциялық Соты
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)