- Аэроғарыш комитетіне қарасты «Ғалам» ЖШС Қазақстандағы түрлі салалардың қажеттілігі үшін спутниктер құрастырып жатыр. Сондай-ақ олар ең жоғары HR форматындағы суреттерді түсіретін жерсеріктерді өндіріп жатыр. Бұған қоса, Моңғолия, Нигерия және Конго елдеріне спутник экспорттау келісімдері бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, аталған мемлекеттердің нарғына SAR деп аталатын жерсеріктерді шығарамыз. Бұл технология кез-келген ауа райында жұмыс істейді. Радиолокациялық спутниктер бұлттардың көмескелеуіне қарамастан, ақпаратты 100 пайыздық дәлдікпен ұсынады, - деді Қуандық Шүленбаев Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.
Еске салайық, аталған конференция барысында 2027 жылы ғарышқа шығарылатын түркі елдерінің бірлескен спутнигі таныстырылды.
Мұнымен бірге жақында космосқа аттанатын тұңғыш өзбек ғарышкеріне қойылатын талаптар жарияланды.
Қоса кетсек, биыл Өзбекстан мен Қытай ғарышқа Жерді қашықтықтан зондтайтын спутник ұшыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Өзбекстан 2028 жылы «Mirzo Ulug’bek» спутнигін ғарыш кеңістігіне шығарады.