Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен кетті

Фото: Фото: Gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылды.