Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, сондай-ақ жекелеген күндері солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Елдің бірқатар аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын болжанады. Күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.

Күндізгі ауа температурасы
– батыста 13… 23 градус,
– солтүстік пен шығыста 9… 14 градус,
– орталықта 10… 22 градус,
– оңтүстікте 18… 28 градус,
– оңтүстік-шығыста 12… 22 градус шамасында болады.