Республиканың солтүстігінде жауын-шашынның тоқтағанына қарамастан алдағы түндері термометр бағаналары төмен температураны көрсетеді.
Алайда күндізгі уақытта күн жылиды – 17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылы болады деп болжанып отыр.
Шығысқа қарай жылжыған антициклон түнде және күндіз ауа температурасының төмендеуіне негіз болады. Ал оңтүстіктен жылы ауа массаларымен қосылған кезде тек таулы аймақта емес, елдің оңтүстік-шығыс облыстарының басқа аумақтарында да қарға ұласқан жаңбыр әкеледі.
Еске сала кетсек, 11 қазанда күн райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында кейбір жолдар жабылған болатын.