Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді. 

«Сейсмологиялык зерттеу институтының» алдын ала таратқан ақпаратына сай сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Сезілетіндігі туралы мәлімет анықталып жатыр.

Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген.

Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9. Сезілу туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):

Жергілікті интенсивтілік (балл бойынша):

  • Жамбыл облысы, Жуалын ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 4 балл, 63 км

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы – 4 балл, 68 км

  • Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы – 4 балл, 82 км

  • Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 4 балл, 87 км

  • Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы – 4 балл, 89 км

  • Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы – 3 балл, 123 км

  • Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы – 3 балл, 124 км

  • Түркістан облысы, Манкент ауылы – 3 балл, 124 км

  • Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы – 3 балл, 128 км

  • Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы – 3 балл, 130 км

  • Түркістан облысы, Сайрам ауылы – 3 балл, 133 км

  • Шымкент қаласы – 3 балл, 146 км

  • Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылы – 3 балл, 161 км

  • Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – 3 балл, 174 км

  • Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлановка ауылы – 3 балл, 178 км

  • Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян (Чаян) ауылы – 3 балл, 184 км

  • Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласы – 2 балл, 196 км

  • Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы – 2 балл, 204 км

  • Түркістан облысы, Арыс қаласы – 2 балл, 213 км

  • Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы – 2 балл, 226 км

  • Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 244 км

  • Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы – 2 балл, 244 км

  • Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле Би ауылы – 2 балл, 250 км

  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шаульдер ауылы – 2 балл, 253 км

  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы – 2 балл, 257 км

  • Түркістан облысы, Кентау қаласы – 2 балл, 272 км

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы – 2 балл, 280 км

  • Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы – 2 балл, 286 км

  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылдық округі – 2 балл, 295 км

  • Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы – 2 балл, 301 км

  • Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, 303 км

  • Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл, 305 км

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым жерде — Абай облысы аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Семей қаласында 2 балл шамасында сезілді.