Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі консулдық алымдар жаңартылды

Фото: Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің консулдық департаменті консулдық алымдардың жаңа тарифтері күшіне енетінін хабарлады. 

— Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 21 шілдедегі № 11-1-4/433 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 9 тамыздан бастап консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер енгізіледі, — делінген елшілік хабарламасында.

Паспорттын ресімдеу — 10.000 ресей рублі

Қазақстан Республикасының визаларын беру

Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа — 8.000 ресей рублі

Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

бір жылға дейін — 20000 ресей рублі

екі жылға дейін — 40000 ресей рублі

үш жылға дейін — 60000 ресей рублі

төрт жылға дейін -80000

ресей рублі бес жылға дейін -100000 ресей рублі

Туристтік виза:

бір мәртелік — 6000 ресей рублі

көп мәртелік — 9000 ресей рублі

Транзиттік виза:

бір мәртелік — 2000 ресей рублі

көп мәртелік — 9000 ресей рублі

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу

Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу — 14000 ресей рублі

Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу — 10000 ресей рублі

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу — 10000 ресей рублі

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу — 15000 ресей рублі

Азаматтық хал актілерін тіркеу

Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру — 2500 ресей рублі

Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру — 3500 ресей рублі

Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру (әрбір куәлік үшін) — 4500 ресей рублі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу — 2500 ресей рублі

Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу — 2500 ресей рублі

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру — 2500 ресей рублі

Құжаттарды талап ету

Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін) — 3000 ресей рублі

Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау

Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін) — 3500 ресей рублі

Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін) — 3500 ресей рублі

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру — 5000 ресей рублі

Мұраға құқық туралы куәлiктер беру — 5000 ресей рублі

Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру –5000 Ресей рублі

Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру — 3000 ресей рублі

Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн) — 3000 ресей рублі

Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру — 4000 ресей рублі

Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру — 2500 ресей рублі

Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру — 2500 ресей рублі

Құжаттар берiлген уақытты куәландыру — 2500 ресей рублі

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру — 3000 ресей рублі

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету — 3000 ресей рублі

Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру — 5000 ресей рублі 

Айта кетелік СІМ шетел елшіліктері мен консулдықтарын тіркеудің жаңа тәртібін жариялаған еді