Қазақстанның шығысында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның шығысындағы үш қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ластанған қалалар тізіміне Алматы қаласы да ілінді.
— 2025 жылғы 23 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазгидромет» 23 ақпанда күн райының нашарлауына байланыста бірқатар облыста дауылды ескерту жариялағанын жазған едік.