Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFОRM – ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жедел мәліметінше, Астана уақытымен сағат 04.41-де Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Эпицентр координаттары: 49,10 градус с.е., 85,92 градус ш.б. Mагнитудасы mpv=3,7.

Энергетикалық классы K=9,7. Тереңдігі h=13,5 км.