Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Қазақстанды Еуразиядағы жетекші логистикалық орталыққа айналдыру тапсырмасын орындау аясында терминалдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары басталды.
– Қазір елімізде 46 логистикалық орталық жұмыс істейді. 2030 жылға дейін тағы 21 орталық салу жоспарланған. Сонымен қатар Қазақстанның транзиттік дәліздерін жүкпен қамтамасыз ету үшін шетелдерде де логистикалық терминалдар желісі кеңейіп келеді. Қазір Ляньюньган, Сиань, Поти қалаларында 3 терминал жұмыс істейді. Тағы 7 терминал бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар Селятино, Свислочь, Ташкент, Чэнду, Алят, Констанца қалаларында және Мажарстанда орналасқан, – деді Көлік вице-министрі.
Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен «Қазақстан темір жолы» компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Оған қоса, KTZ Express, «Кедентранссервис», ОТЛК, PTC Holding, «Исткомтранс», Atasu Group, «Астық Транс» және Olzha Logistics сияқты қазақстандық логистикалық операторлар да жұмыс істейді.
Кеше Президент Қ.Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алған еді.
Елде көлік саласын цифрландырып, ішкі және халықаралық тасымалда қағаз құжаттардан толық бас тарту көзделіп отыр.