«Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасы бойынша, БҰҰ мынадай миссиясына:
- Бірінші — Голан жотасында бөліну процестерін бақылау күштеріне;
- Екінші — бітімге келу шарттарының орындалуын байқау органына;
- Үшінші — Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға;
- Төртінші — әуедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету уақытша күштеріне қатысу үшін саны 430 адамнан аспайтын контингентті жіберу туралы ұсыныс енгізіледі», — деді министр.
Бұған дейін жазғанымыздай, елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.