Қазақстанның Ұлттық павильоны: Венеция биенналесіне үш жоба финалға өтті

Фото: Pexels
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны аясында 61‑ші Венеция биенналесінде көрме өткізу конкурсының бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті. 

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 17 өтініш түскен, олардың 12-сі іріктеуден өткен.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша үш финалист анықталды:

«QONGYR: тыныштық архиві» тұжырымдамасы
Жетекшісі: Сырлыбек Бекботаев

«Qoñyr» тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әсел Ахметжанова, Әсел Мұқашева және Малика Оразғалиева

«Су тәндерінің жыры»
тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әйгерім Қапар және Асыл Ишахова

Финалға өткен үш жоба байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, қазылар алқасымен онлайн форматта кездесті.

9 қаңтар күні Қазақстанды 61‑ші Венеция биенналесінде таныстыратын жоба анықталады.

Ұлттық павильонның комиссары – Қазақстан Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Еске сала кетейік, Қазақстан алғаш рет Венеция биенналесінде өз павильонын 2022 жылы ұсынды.