Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM- Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайысз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылғы 2 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін 1–4 шілде аралығында еліміздің көптеген өңірінде аптап ыстық болатыны туралы жаздық.