Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы сақталады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 23 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы және түнде Астанада қолайсыз ауа райы сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін 22 шілдеде Қазақстанның қай қаласында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлаған едік.