Астанада күндіз ауа температурасы 33 35 °C, жауын-шашынсыз. Түнде 16 18 °C, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Алматыда күндіз 35 37 °C, түнде 22 24 °C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Шымкентте күндіз 38 40 °C, түнде 23 25 °C. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет 15–17 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялаған еді. Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болатыны болжанған.