Ведомствоның мәліметінше, өрттердің біреуі Ақмола облысында, біреуі Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, тағы бірі Шығыс Қазақстан облысында болған.
Өрт ошақтарын жедел анықтау және сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері, сондай-ақ қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды.
– Орман өрттерін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, – делінген комитет хабарламасында.
Ведомство еліміздің бірқатар өңірінде жоғары өрт қаупі сақталып отырғанын ескертіп, азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға, отты абайлап пайдалануға және өрттің шығуына себеп болатын әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Айта кетейік, «Семей орманы» резерватындағы орман өрті оқшауланды.