Қазақстанның үш садақшысы Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің үшінші айналымына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Анталья қаласында садақ атудан әлем кубогының үшінші кезеңі басталды.

Фото: ҰОК

Халықаралық турнир аясында блокты садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.

Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы неміс елініңі өкілі - Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін бритардық Элла Гибсонмен бақ сынайды.

Сондай-ақ бүгін, 10 маусымда, классикалық садақ атудан жарыстар басталады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыс бойынша әлем кубогы кезеңін бастағанын хабарладық.