Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Ислам ойындарының чемпионы атанды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Финалда қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен кездесіп, 8:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ұлттық құраманың сапында:

  • Алан Құрманғалиев,
  • Айдос Кенжегұлов,
  • Кирилл Герасименко өнер көрсетті.

Бұл жеңіс Қазақстанның үстел теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.

Айта кетейік, қазақстандық екі теннисші Францияда негізгі жарысқа жолдама алды.