Оның айтуынша, «Эйр Карго» компаниясы әуе кемелерін жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойған.
– Биыл қараша айында алғашқы Airbus A340 әуе кемесінің келуі күтілуде. Екінші әуе кемесін жеткізу келесі жылдың наурыз айына жоспарланған. Нәтижесінде әуе кемелерінің жалпы саны 10-ға жетеді, – деді Көлік вице-министрі.
Кеше өз Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Air Cargo» жеке компаниясына үлкен үміт артылғанын айтқан еді.
– Оның қаржылық мүмкіндігі мол, соның ішінде шетелдің жетекші мамандарының еңбекақысын төлеуге де қауқарлы. Сондай-ақ компания дербес шешім қабылдай алады. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім де, нәтиже де жоқ. Сіздерге сенім арттық. Енді нақты нәтиже күтеміз, – деді Президент.
Айта кетейік, Қазақстан авиациясы 2050 жылға дейінгі даму бағытын айқындап жатыр.